Атырау, 19 мамыр 20:32
 ашықВ Атырау +12
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Қазақстанның 8 қаласында ауа сапасы төмендейді

3 079 просмотра


13 сәуір күні Қазақстанның 8 қаласында ауа сапасы төмендейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап. 

Синоптиктердің болжамына сәйкес Ақтау, Жаңаөзен, Астана, Атырау, Қостанай, Қызылорда, Көкшетау, Павлодар, Петропавл, Ақсай, Ақсу, Орал, Өскемен қалаларында метеожағдайлар жақсарып, зиянды заттардың сейілуіне ықпал ететін болады. Ал, Ақтөбе, Алматы, Қарағанды, Балқаш, Теміртау, Талдықорған, Тараз, Шымкент қалаларында метеорологиялық жағдайлар атмосферада ластаушы заттардың шоғырлануына алып келеді. 

ҚМЖ  -  атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқамерзімді метеорологиялық факторлардың (тымық, жеңіл жел, тұман, инверсия) үйлесімі. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы мүмкін. Ластану деңгейінің қалыптасуын анықтайтын маңызды факторлардың бірі - синоптикалық ахуалдың (жел, жауын-шашын, ылғалдылық, ауа температурасы) болжамы.

Дереккөз: inform.kz

13 сәуір 2018, 10:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.