Атырау, 19 мамыр 17:50
 бұлттыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

​Қордайда ҚР Қарулы Күштерінің әскери шеруі өтеді

2 968 просмотра


Жамбыл облысы Қордай ауданындағы «Отар» әскери базасының аумағында ҚР Қарулы Күштерінің әскери шеруіне дайындық жүріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

ҚР Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Нұрлан Ермекбаев пен әскери ведомство басшысы 7 мамыр күні «Отар» 40-шы әскери базасы аумағында әскери парад өткізу мәселесін талқылады. 

«Әскери қызметтің имиджі мен беделін арттыру мақсатында Тараз қаласы қорғаныс істері басқармасы «Отанға қызмет - абыройлы міндет!» акциясын өткізді», - дейді Жамбыл облыстық қорғаныс істері департаментінің өкілдері. 

Еске сала кетсек, 2013 жылы «Отар» 40-шы әскери базасында Қазақстан Қарулы Күштері тарихында алғаш рет әскери парад өткен болатын. Шараға Қазақстан Президенті - ҚР Қарулы Күштері Жоғарғы Бас Қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев қатысқан.

Дереккөз: inform.kz

13 сәуір 2018, 10:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.