Атырау, 19 мамыр 20:12
 ашықВ Атырау +12
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

​«Әдөн» ұсталды - ҚР ІІМ

3 466 просмотра


Қылмыс әлемінде «Әдөн» лақап атымен танымал қылмыстық топ мүшесі ұсталды. Бұл туралы ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат

«Кеше Қызылорда облыстық ІІД Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері Алматы облысы аумағынан іздеуде жүрген Қызылорда қаласының тұрғыны Әділет Серікбаевты ұстады. Полицияның жедел мәліметтеріне сәйкес, ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесі қылмыс әлемінде «Әдөн» лақап атымен де танымал», - деді Алмас Садубаев. 

Сонымен қатар оның айтуынша, елордалық полиция қызметкерлерінің үйлесімді жұмысының арқасында қаладағы гүл сататын дүкендер желісіне қарақшылық шабуыл жасап, сатушылардың ақшаларын тартып алып кеткен жергілікті тұрғын ұсталған. Күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. 

«Талдықорғанда да Алматы облысының екі тұрғыны ұсталды. Олар Алматы қаласында қарақшылық шабуылды кәсіп еткен», - деді Алмас Садубаев.

Дереккөз: inform.kz

11 сәуір 2018, 12:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.