Атырау, 19 мамыр 18:39
 ашықВ Атырау +12
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

52 өзбек өртеніп кеткен автобустың иесі қашып кетті: енді кім жауап береді?

1 874 просмотра


Бас прокуратураның мәліметінше, 52 Өзбекстан азаматының автобуста өртеніп кетуіне кінәлі делінген тұлғалар айыбын мойындамай отыр.

Өзбекстанның 52 азаматының қаза болуына қатысты қылмыстық іс аяқталып қалды, дегенмен автобус иесі іздеуде жүр, деп хабарлады Қазақстан бас прокуратурасының қоғамдық мүдделерін қорғау қызметінің бастығы Азамат Дүйсембеков.

"Іс аяқталып қалды, қазір күдіктілер мен олардың қорғаушылары танысып жатыр. Олар өз кінәсін мойындамай отыр. Алайда көлік құралдарын пайдалану ережесі бұзылып, оның салдары екі және одан да көп адамдардың өліміне әкеліп соқтырды деп есептелінуде", — деп хабарлады Дүйсембеков.   

Оның айтуынша, автобус қожайынына қатысты 348-бап (техникалық ақауы бар автобусты пайдалану) бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. 

"Алайда қазір бұл автобустың иесі Мехтиев іздеуде жүр, тергеу шарасына қатысты мәселе шешіледі, жауапкершілікке кім тартылатыны, қалай тартылатыны анықталады", — деп толықтырды қорғау қызметінің басшысы.  

Естеріңізге салайық, 18 қаңтарда Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында Самара — Шымкент тасжолында автобус өртеніп, 52 адам қаза болды, барлығы Өзбекстан азаматы. 

Дереккөз: sputniknews.kz

11 сәуір 2018, 12:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.