Атырау, 23 желтоқсан 13:59
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

​Қарағандыда бетперде киген адамдар ақша айырбастау пунктін тонап кетті

2 420 рет қаралды


Қарағандыда ақша айырбастау пунктіне қарақшылық шабуыл жасалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаевқа сілтеме жасап.  

"Өткен түні Қарағандыда ақша айырбастау пунктіне қарақшылық шабуыл жасалды. Бетперде киген екі адам ғимаратқа баса көктеп кіріп, кассирді пышақпен қорқытып, 3 миллион 900 мың теңге, 950 доллар, 2 мың 650 еуро, 120 мың ресей рублін алып, оқиға орнынан қашып кеткен", - деді Алмас Сәдубаев.  

Полиция мәліметінше, күдіктілердің кім екені анықталған. Қазіргі уақытта оларды ұстау шаралары жүргізіліп жатыр. 

Дереккөз: tengrinews.kz

10 сәуір 2018, 11:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.