Атырау, 19 мамыр 21:14
 ашықВ Атырау +12
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

​Біз кәсіпкерді шақырып алып, артынан тарифтерді өзгертіп жібереміз - Сағынтаев

1 596 просмотра


Елбасының бес әлеуметтік бастамасының бірінде айтылған жатақхана салу мәселесі мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында шешімін табуы тиіс. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. 

«Берілген мәліметтерге қарағанда, әсіресе мына өңірлер - Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Ақтөбе облыстары алдыңғы қатарда келе жатыр (МЖӘ жобалары бойынша - авт.). Жаңа төрт облыстың басшылары жұмысты баяндағанымен, жұмыстың баяу жүріп жатқаны туралы бірде-бір сөз айтпады. Бұған не себеп болды? Басқа өңірлерге қарағанда, мүмкін кедергілер бар шығар. Бірақ, ол жағы айтылмай жатыр. Яғни, ынта жоқ. Жұмыстың бәрі бюджеттен қаржы алып, соны игеруге байланысты болып отыр. Сол себептен, әріптестер, жұмысы баяу жүріп жатқан облыстардағы жұмыстарыңызды осы салада қайта қарауларыңызды сұраймын», - деді Үкімет басшысы. 

Бақытжан Сағынтаев тиісті шешімдердің бәрі қабылданып жатқанын тілге тиек етті. 

«Қазір заңға өзгерістер енгізу мәселесі шешілуде. Осы жылдың жартыжылдығына дейін Парламенттің қабылдауымен оның бәрі заң түрінде шығатын болады. Яғни, алдағы уақытта да көптеген мәселелерді шешуге мүмкіндігіміз бар. Тағы бір мәселе - Елбасының бес бастамасының бірі бойынша жатақхана салу мәселесі. Жатақханалар салу мәселесіне қатысты жұмыстың бәрін негізінен МЖӘ арқылы шешу қажет», - деді Үкімет басшысы. 

Сонымен қатар, Сағынтаев бір мәселеге назар аударуға шақырды. 

«Біз кәсіпкерлерді жұмысқа  тартып, артынан тарифтерді өзгертіп жатамыз. Яғни, бұл бір жыл жұмысын бастамай жатып, ары қарай банкроттыққа итермелейді деген сөз. Жұмыстың негізгі бөлігі - 52 пайызы әлеуметтік салаға қатысты болып отыр.. Сондықтан біздің қабылданып отырған шешімдеріміз - әркез кәсіпкерлермен, өңірлермен ақылдаса отырып, тұрақты жағдайда болуын қадағалауымыз керек», - деп түйді Б.Сағынтаев.

Дереккөз: inform.kz

10 сәуір 2018, 10:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.