Атырау, 23 желтоқсан 13:59
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

​ОҚО-да атысқа қатысқандардың бірі қайтыс болды

1 641 рет қаралды


Оңтүстік Қазақстан облысында атысқа қатысқандардың бірі қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ өкілі сілтеме жасай отырып.

"Кеше Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш қаласында жергілікті тұрғын жеккөрушілік қарым-қатынастың негізінде көрші ауылдың тұрғынына оқ атты. Ер адам ауруханада көз жұмды", - деп хабарлады ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаев. 

Полицияның мәліметінше, жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті анықталды. 

"Оған іздеу жарияланды. Күдіктіні ұстауға бағытталған іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Сараптамалар тағайындалды. Тергеу жүргізіліп жатыр", - деді Алмас Сәдубаев. 

Еске сала кетейік, осыған дейін ОҚО-да атыс болғаны жайлы хабарланған еді. Сондай-ақ, төтенше жағдай салдарынан екі адамның түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілгені айтылған еді.

Дереккөз: tengrinews.kz

10 сәуір 2018, 10:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.