Атырау, 19 мамыр 18:10
 ашықВ Атырау +12
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

​Шетелге шығатын туристерді сақтандыру қорына жарна төлемеген компаниялар жазаланады

1 566 просмотра


Енді «Туристік Қамқор» сақтандыру қорына енбеген қазақстандық туроператорлар қатаң жазаланады. Мәдениет және спорт министрлігі кәсіпкерлерге жүйемен танысып, оған кіруге берілген уақыттың аяқталғанын мәлімдеді. 

Қазір мекеме бас прокуратурамен бірге заңсыз жұмыс істеп жатқандарды анықтауға кірісіп кетті.   300 милион тенгеден астам қаржы «Туристік Қамқор» сақтандыру қорының шотына жиналған. Бұл қаражатты  бір жарым жыл ішінде 47 туроператор мен 11 әуе көлігін жалдаушы компаниялар салған. Жалпы Қазақстанда шығыс туризмі бойынша барлығы 420 фирма жұмыс істейді. Заң бойынша  «Туристік Қамқор» қорына енбеген, өз тұтынушылары үшін жарна төлемеген туристік бизнес өкілдерінің мемлекет нарығында жұмыс істеуге құқығы жоқ.   

Жандос Бимағанбетов, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі басқарма басшысы міндетін атқарушы: - 

Қазақстан азаматтарын шет елге апаратын туристік операторлар жүйеге кіруге міндетті болып келеді. Және шарттары бойынша келісімшартқа қол қойып, банктік кепілдік және әрбір тұтынушылары үшін 0,5 АЕК есепшотқа аудару. Туроператорларға қатысты Бас прокуратурамен бірге текеру жүргізіледі. Нәтижесінде тиісті шаралар қолданылады. 

«Туристік Қамқор» қоры 2016 жылдың соңында шет елде туристік операторлардың кінәсімен қалып қойған туристерді  елімізге қайтару үшін құрылған болатын. Автордың  айтуынша, жоба сондай-ақ келісім-шартың бұзылуына жол бермеуді көздейді. Бірақ мұндай жағдайда тек ресми туристік операторларға тіркелген тұтынушыларға ғана көмектесе алады.  

Инна Рей, «Туристік Қамқор» қорының төрайымы: 

- Көп кәсіпкерлер Қорға тіркелместен жұмыс істей беруге болады деп санайды. Қаржылық жауапкершілік аз болса бәсекеге қабілеттімін деп есептейді. Өкінішке орай бұл қате пікір. Егер компания өзін туристік оператор деп мәлімдесе, тиісінше біреудің ақысын алған соң сапалы қызмет көрсетуі тиіс. 

2017 жылы Қорға жиналған қаржы бір рет ғана қолданылған. Яғни ол қаражат Біріккен Араб Әмірліктерінен отандастарымызды қайтарып алуға жұмсалған. Қазір Мәдениет және спорт министрлігі туризм саласы бойынша заңнамалық актілерге өзгерістер енгізу туралы заң жобасын әзірлеп жатыр. 

Жандос Бимағанбетов, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі басқарма басшысы міндетін атқарушы: - 

Шығу туризм саласында үлкен бір бөлім бар. Болашақта оған өзгерістер енгізіледі. Тек Қазақстан азаматтарын қайтару емес, олар шет елге кеткенде қонақ үй немесе туроператорлар өз міндеттемелерін орындамаған жағдайда демалыс соңына дейін басқа қонақ үйге орналастырады. Және де Қазақстан азаматтары шет елге шыға алмай қалған кезде де оған кепілдік беру қарастырылуда.    

Қазір құжаттың тұжырымдамасы өкілетті органдар және ұлттық кәсіпкерлер палатасы тарапынан талқыланып жатыр. 

Ал әзірге шет елдегі демалыстан ешқандай уайымсыз, аман келуіңіз үшін Қор туристік операторынан  арнайы кодыңызды талап етуді  ұсынады. Ол арқылы шұғыл жағдайда fondkamkor.kz  сайтына кодты тіркеп, жедел көмек алуыңызға болады.

Дереккөз: 24.kz

10 сәуір 2018, 09:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.