Атырау, 19 мамыр 19:50
 ашықВ Атырау +12
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Қазақстан 120 әскери қызметкерін Ливанға жібереді

2 161 просмотра


Қазақстандық бітімгерлер Ливанға осы жылдың күзінде аттануы мүмкін.
Қорғаныс министрлігі өз әскери қызметшілерін бітімгерлік миссиялардың біріне жібермек. Бұл туралы бүгін ҚР қорғаныс министрінің орынбасары Талғат Мұхтаров мәлім етті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан
 тілшісі. 

"Біз қазір бөлімшені бітімгерлік миссиялардың біріне жіберу үшін үлкен дайындық жұмысын жүргізіп жатырмыз. Бұған дейін біз бітімгерлік қызметке жекелеген офицерлерді штаб офицері, офицер-бақылаушы ретінде ғана жіберу арқылы қатысып келдік. Қазір барлық кезеңнен өттік, тек БҰҰ талап етіп отырған стандарттық процедуралар ғана қалды. Осы жылдың күзіне қарай – қыркүйек, қазан айларында 120 адамды болжам бойынша Ливанға жібереміз", — деді вице-министр. 

Ол Қазақстанда бітімгерлік қызмет туралы заң қабылданып, кепілдік, қауіпсіздік секілді әлеуметтік мәселелер келісілгенін атап өтті. 

"БҰҰ-мен етене жұмыс істеп жатырмыз. Мен өзім Ливанда болдым, бітімгерлік миссия жүргізетін төңіректі көріп қайттым. Бұл бейбітшілікті қолдау бойынша бітімгерлік миссиясы", — деді Мұхтаров.

Дереккөз: sputniknews.kz

9 сәуір 2018, 14:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.