Атырау, 19 мамыр 19:50
 ашықВ Атырау +12
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Қорғаныс министрі әскери ұшқыштардың жалақысы төмен екенін айтты

1 968 просмотра


Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов әскери ұшқыштардың жалақысы аз болған соң олардың әуе компанияларға жұмысқа ауысып кететінін мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Былтыр 25 адам жұмыстан кетті. Олар 1,5 миллион теңге жалақы беретін «Эйр Астана», «Скат» секілді әуе компанияларына ауысып жатыр. Біздің ресейлік әріптестеріміз, дәл сондай ұшқыштар 800 мың рубль алады. Ал біздің бірінші санаттағы ұшқыштардың алатыны – 270 мың теңге. Осы мәселе бойынша хат жаздым, оған Елбасы қолдау білдірді. Мемлекет басшысы ұшқыштардың тым болмаса 450-500 мың теңге алуы үшін Үкіметке олардың жалақысын екі есеге көтеруді тапсырды», - деді министр Мәжілістегі үкімет сағатында.

Бұдан бөлек, Сәкен Жасұзақов біліктілігін арттыруға келген тыңдаушылардың жалақысы толық төленбейтінін атап өтті.

«Бізді басқасы мазалап отыр. Әлі күнге дейін оқуға келген біздің тыңдаушылар ақшаның 70%-ын ғана алады. Отбасы бар, білім алу керек... Бұл әдісті қайта қарау үшін қаншама рет мәселе көтердік. Қызметкер әскерде алып жүргендей оқуға келген соң толық жалақысын алуы керек. Оның әйелі жұмыс істемейді, ал ол мұнда тек оқумен айналысады, қосымша кіріс жоқ дегендей белгілі бір жағдай бар», - деді Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов.

Дереккөз: Baq.kz

9 сәуір 2018, 11:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.