Атырау, 4 наурыз 03:51
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 498.09
€ 577.34
₽ 6.41

​Алматыдағы сауда, ойын-сауық орталығынан 60 адам эвакуацияланды

2 725 рет қаралды

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері өрттің тұтануына байланысты Domillion сауда, ойын-сауық орталығынан 60 адамды эвакуациялады. Бұл туралы Төтенше жағдайлар департаментінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат

«Алатау ауданы, Рысқұлов даңғылы 143 «В» мекенжайы бойынша орналасқан Domillion сауда, ойын-сауық орталығында өрт тұтанғаны туралы хабар сағат 14.34 кезінде түсті. Өрт сөндірушілер оқиға орнына 8 минуттан соң жетті. Кейіннен мәлім болғанындай, жалын ғимараттағы кабельдердің бірінде қысқа тұйықталудың салдарынан шыққан. Тілсіз жау 0,2 шаршы метр аумақты шарпыды», - деп хабарлады Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова. 

Төтенше жағдай кезінде өрт сөндірушілер 60 адамды қауіпсіз аймаққа көшірді. Олардың 10-ы балалар.

Дереккөз: inform.kz

9 сәуір 2018, 10:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.