Атырау, 23 желтоқсан 13:27
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

​Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Пасха мерекесімен құттықтады

2 373 рет қаралды


Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Пасха мерекесімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz

"Қымбатты отандастар! Баршаңызды жарқын мереке – Пасхамен шын жүректен құттықтаймын! Көктемнің осы күні әлемнің әр түкпіріндегі адамдардың жүрегі ерекше жылылыққа, қуаныш пен үміт сезіміне бөленеді. Пасха мейрамының символдары саналатын махаббаттың мәңгілік құндылықтары, қайырымдылық пен мейірімділік – еліміздің бүкіл тұрғыны үшін қымбат әрі қастерлі.   Барлық конфессия өкілдерінің өзара үйлесімді ықпалдастықта болып, бейбіт еңбек етуі – Қазақстанның басты байлығы. Біз мұны көздің қарашығындай сақтап, әрі қарай дамыта беруіміз керек. Жаңару мен жақсылыққа деген сенімді білдіретін бұл мерейлі мереке қоғамымыздың барлық саласында жүріп жатқан жаңғырумен үндеседі. Жоғары адамгершілікті дәріптейтін Пасха мейрамының мән-маңызы игі істерге жетелеп, біздің өміріміздің гуманистік негіздерін нығайта түседі. Баршаңыздың шаңырақтарыңызда татулық пен тыныштық болсын! Сіздерге зор денсаулық, бақыт, бақ-береке тілеймін!", - деді Президент.

Дереккөз: tengrinews.kz

8 сәуір 2018, 14:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.