Атырау, 19 мамыр 18:10
 ашықВ Атырау +12
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Терезеге қарасаң, көз алдыңда бейберекетсіздікті көресің – Елбасы Астанадағы автотұрақтар туралы

1 329 просмотра


Мемлекет басшысы елордадағы "Нұржол" желекжолындағы автокөліктерге лық толы тұрақтарды сынады. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы автотұрақтардың ұйымдастырылуын сынға алды, деп хабарлайды BNews.kz.

Ол Астана әкімі Әсет Исекешевке дәл қала әкімшілігі ғимаратының алдындағы лық толы тұрақты көрсетті.

"Слайдты көрсетші. Міне, Үкімет үйі жанындағы және әкімдіктің алдындағы "Нұржол" желекжолы автокөлікке толы. Қара, айтудың да қажеті жоқ, терезеге қарасаң, көз алдыңда осындай бейберекетсіздікті көресің", - деді Елбасы Астананы алдағы уақытта дамыту бойынша өткізілген жиналыс барысында.

"Нұрсұлтан Әбішұлы, бұл, меніңше, қандай да бір үлкен жиналыс кезінде болған жағдай шығар", - деп ақталды қала басшысы.

"Ия, болып тұрады. Сені ұстады ма?", - деп жалғастырды Нұрсұлтан Назарбаев.

"Биыл әкімдік пен ЦУМ алдында 2000 орынға арналған жерасты тұрағының жобасы басталады. Автотұрақты Mabetex компаниясы ЦУМмен бірге салады. "Нұржол" желекжолының жанында ақылы автотұрақ жобасы іске қосылды", - деп мәлімдеді Әсет Исекешев.

"Қаладағы автотұрақтардың мәселесін шешу үшін бізге қандай да бір шешім қабылдау керек. Құрылыс компанияларын жаңадан салынатын ғимараттарға жерасты автотұрақтарын салуға міндеттеу керек. Астанадан әлдеқайда үлкен қалалар да бар ғой, олар қалай да мұндай жағдайдан шығып жатыр. Тәртіп жоқ – тұрақ үшін ақша алмайсыздар. Егер адамның Mercedes-ті сатып алуға ақшасы болса, онда тұраққа қойған әрбір сағат үшін төлесін. Егер олай болмаса, онда жақсылап айыппұл төлесін. Сонда нағыз тәртіп болады", - деді Елбасы.

Дереккөз: bnews.kz

6 сәуір 2018, 09:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.