Атырау, 19 мамыр 20:32
 ашықВ Атырау +12
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

​Қазақстанда қағаз қалдықтарын шет елге шығаруды шектеу ұсынылды

2 095 просмотра


Қағаз қалдықтарын шетелге шығаруды шектеу керек. Макулатурадан картон шығаратын «Бумпром» компаниясы басшысының орынбасары Серік Ташназаров осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат

ОҚО-ның индустриялық аймағында 19 млрд теңгенің жобалары іске асырылады Ақтөбеде қатты пайдалы қазбалардың қорын анықтау жұмысы үздіксіз жүруде Қазақстанның үздік геологтары марапатталды ОҚО әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, аталмыш компания қағаз қалдықтарынан айына 350 тонна картон шығарады. Зауытқа қажетті шикізат Қызылорда, Алматы, Шымкент қалаларынан тасымалданады. Бүгінде зауыт басшылығы өндіріске қажетті қағаз қалдықтарының бір келісін 40 теңгеден сатып алып отыр. 

«Зауыт тоқтаусыз жұмыс істеуі үшін қағаз қалдықтары яғни маклатура қажет. Қазіргі таңда шикізаттың бағасы күннен күнге өсіп жатыр. Өйткені біздің нарықтағы қағаз қалдықтарын өзбекстандық кәсіпкерлер сатып алу үстінде. Олар бүгінде макалатураның бір келісінің бағасын 60 теңгеге дейін көтеріп жіберді. Сондықтан «Атамекен» кәсіпкерлік палатасына шикізаттың осы түрін шет елге шығаруға шектеу қойса деген ұсынысымызды жолдадық», - дейді кәсіпорын басшысының орынбасары Серік Ташназаров.

«Бумпром» ЖШС - 2016 жылы жылы іске қосылған жобалардың бірі, «Оңтүстік» индустриялдық аймағында орналасқан. Жобаның жалпы құны 200 млн теңге. Кәсіпорын жылына 4 мың, ал айына 350 тонна өнім шығаруға қауқарлы. Бүгінде мұнда 30 адам жұмыспен қамтылған. Зауытта тоқтаусыз жұмыс істеп тұрған қондырғы Қытайдан арнайы әкелінген. Қағаз қалдықтарын жібітіп, қайта картон ететін құрылғыда жергілікті азаматтар жұмыс істейді. 

Оларға қытайлық мамандар қондырғымен жұмыс істеуді арнайы оқытқан. Қазіргі таңда зауыт өнімдеріне сұраныс мол. Әсіресе, тапсырыстар Павлодар, Қарағанды, Алматы облыстарынан жиі түседі. Алдағы уақытта кәсіпорын басшылығы өз өнімдерін көршілес Өзбекстан, Қырғызстан мемлекеттеріне жөнелтуді жоспарлап отыр. 

Дереккөз: inform.kz

6 сәуір 2018, 09:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.