Атырау, 19 мамыр 18:39
 ашықВ Атырау +12
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

​Баламалы энергия негізінде баспана салушыларға жеңілдіктер берілмек

1 549 просмотра


ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астана баламалы энергияны пайдалануда үлгі болуы керектігін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат

«Өткен жылы «ЭКСПО» көрмесі өтті, ал биыл тиісті нәтижені көрсетуіміз керек», - деді Мемлекет басшысы Астананы дамыту мәселелеріне арналған кеңес барысында. Осы орайда, Президент баламалы энергиямен қамтылған нысандар, тұрғын үйлер болуы керектігін, сонымен қатар күн батареялары мен жел энергиясына қатысты жобаларды іске асыруға назар аудару қажеттігін жеткізді. Бұл тұрғыда Н. Назарбаев Астанада аталған жобаларды іске асырылуы жағдайы туралы сұрады. Өз кезегінде елорда әкімі Әсет Исекешев қалада баламалы энергияны пайдаланатын саябақтарда, аялдамаларда, тұрғын үй нысандарында бірнеше жарықтандыру нысандары бар екенін айтты. Елбасы баламалы энергия негізінде баспана салатындарға барынша қолдау жасауды тапсырды. «Өмірзақ (Шөкеев) «жасыл» кварталды жүзеге асыруға тырысты, кейіннен бұл уәдесі туралы ұмытты (...) Оңтүстік Кореяда күн және жел энергиясын пайдаланатын тұтас кентті көрдім. Бізде де осындай жобаларға екпін қою керек», - деді Президент. 

Бұл ретте Елбасы Қазақстан ЭКСПО-ны өткізген ел ретінде бұл бағытқа назар аудару қажеттігін қадап айтты.

Дереккөз: inform.kz

5 сәуір 2018, 17:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.