Атырау, 23 желтоқсан 16:12
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Ақтаулық ата-аналарға педофил туралы ескерту жасалды

2 343 рет қаралды


Әлеуметтік желіде ақтаулық тұрғындарға сақ болу жөнінде хабарлама тарауда. Себебі, қалада белгісіз азаматтың кәмелеттік жасқа толмаған балаларға тиіскен бірнеше факт тіркелген, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі lada.kz порталына сілтеме жасап.

4 сәуірде Ақтаудағы білім беру мекемелерінің бірі құқық органдарына күдікті туралы мәлімет берген. Бұл туралы ата-аналар мектепте өткен жиналыста білген.

Әлеуметтік желіде тараған аудио хабарламаға сәйкес, қаланың жоғары бөлігінде белгісіз азамат кәмелет жасқа толмаған балаға сексуалды сипаттағы әрекет жасамақшы болған.

Шаһардағы №7 мектеп-лицейінің ата-аналары 4 сәуірде аталған мектепте өткен жиналыста Ақтау қаласының құқыққорғау органдарына күдікті педофил туралы мәлімет беріпті.

Полицияның хабаралауынша, 26 шағын ауданда «жүрген» педофил туралы ақпарат тексерілуде.

Ата-аналардың мәліметіне сәйкес, күдікті еуропалық нәсілді, ұзын бойлы, көзінің түсі көк және оның алдыңғы тістері жоқ.

Дереккөз: Baq.kz

5 сәуір 2018, 11:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.