
Шымкентте 45 жастағы әйел мен оның әкесін үйінде өлтіріп кеткен күдікті сол үйдің баласы болып шықты Бұл туралы кешелі бері тіс жармаған полицейлер айтып берді. Қорқор мен темекі сататын кәсіпкерлер отбасын кеше бәзбіреулер пышақтап кеткен туралы мәлім болған еді. Полицейлер күдіктіні бірден ұстаған.
Иә, қария мен оның қызын пышақтап тастаған сол өлген әйелдің 24 жастағы баласы болып шықты. Ал оның нағашы атасы мен анасының денесін көршілері көріп, полицейлерге хабар берген екен. Ішкі істер департаментіндегілер жас жігіттің мұндай қаныпезерлікке не үшін барғанын білмейтінін айтуда.
Анығы сол, қылмыс өткен соң көп ұзамай ұсталған қаскөй кінәсін бірден жайып салған. Қазір, бұл іске қатысты «кісі өлтіру» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.
Салтанат Қаракөзова, ОҚО ІІД баспасөз хатшысы:
-Криминалисттер жұмысын атқарған кезде жәбірленушілер көптеген пышақ жарақатын тапқан. Соның салдарынан екі азамат қаза болған. Күдікті ретінде 1994 жылы туған азамат қамауға алынды. Ол сол жәбірленушінің баласы болып келеді. Қанды қырғын болған үйге барғанбыз. Полицейлер баспананың маңайын қоршап, есікті мөрлеп тастаған. Дәл тілшілер барған сәтте күдіктінің өзін үйге әкеліп жатыр екен. Бірақ тәртіп сақшылары оқиға орнына журналистерді жолатпай қойғандықтан, өлтірді деген азаматты көре алмадық. Туыстары болса мүлдем сөйлеуге құлықсыз. Көршілері марқұмдардың осы үйге жуырда ғана көшіп келгенін айтады. Ал, 24 жастағы баласы тіпті үйлену тойына дайындалып жүрген екен.
Петр Кривцов, көршісі:
- Көршілердың айтуынша, әлгі жас жігіт анасы мен нағашы атасын өлтіріпті-міс. Ал күдіктіні полицейлердің тек бір іш киіммен ғана үйден алып шығып жатқанын өз көзіммен көрдім. Үсті-басының бәрі қан еді.
Жұрттың айтуынша, анасы мен атасын өлтіргенін мойындаған көрінеді. Марқұм әйелдің туыстары оның осы үйде баласымен бірге тұрғанын айтады. Ол үш қыздың ортаншысы болған екен. Ал, марқұм нағашы атасы Түркістаннан қыдырып келген. Олардың денесі бүгін жерленді.
Дереккөз: ktk.kz
В Атырау +2