
Ақтауда мектептен қайтып келе жатқан Кәмиланы бірнеше ит талап тастады. Оқиға 3 сәуір күні болған деп хабарлайды "Лада" басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ.
«Қызымды көшедегі аш иттер қуа бастаған. Абырой болғанда, жақын маңнан өтіп бара жатқан ер адам қызымды арашалап алыпты. Соның арқасында қызымды иттер бір-ақ жерінен тістеп алған. Қызым қорқып қалды. Ешкім болмай қалған кезде жағдай бұдан да жаман болар еді", - дейді қыздың анасы Ақмарал Кәрім.
Оқушы қызға жедел жәрдем дәрігерлері көмек көрсетіп, құтыруға қарсы ем жазып берген.
Жергілікті ветеринарлық станцияның айтуынша, үш айдың ішінде 501 ит пен 307 мысық атылған.
Дереккөз: NUR.KZ
В Атырау +2