Атырау, 23 желтоқсан 11:34
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Қазақстанның бес өңірінде су басу қаупі бар

2 351 рет қаралды


Қазақстанның бес өңірінде су басу қаупі бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап. Бұған ауа райының жылынуы себеп делінеді. 

3-4 сәуірде Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының өзендерінде, ауа температурасының жоғарылау болжамына байланысты, қардың біртіндеп еруі, жергілікті ағынның қалыптасуы, су деңгейінің көтерілуіжәне жайылмалық аудандарды су басу күтіледі. 

3-4 сәуірде Павлодар облысының өзендерінде,оң мәнді ауа температурасының жоғарылау болжамына, сонымен қатар Шүлбі су қоймасынан тасталатын судың жоғарылауына байланысты, жергілікті ағынның қалыптасуына, су деңгейінің көтерілуі және судың өзен жайылмасына шығуына (су басуға) алып келеді. 

2-4 сәуірде Қарағанды облысының өзендерінде,ауа температурасының жоғарылау болжамына байланысты, қардың біртіндеп еруі, жергілікті ағынның қалыптасуы, су деңгейінің көтерілуі және жайылмалық аудандарды су басу күтіледі. 

2-4 сәуірде Шығыс Қазақстан облысының өзендерінде,ауа температурасының жоғарылау болжамына байланысты, жергілікті бүйірлік ағынның ары қарай қалыптасуы, мұз кептелістері, су деңгейлерінің көтерілуі, судың жайылуы және су басады деп болжанады.

Дереккөз: Tengrinews.kz


2 сәуір 2018, 12:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.