Атырау, 15 қаңтар 00:54
 қар жаууы ықтималВ Атырау -6
$ 510.43
€ 594.86
₽ 6.49

UFC президенті: Тым көп ақша тігілді, GGG - Канело жекпе-жегі өтеді

1 517 рет қаралды


29 наурыздан бастап қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль «Канело» Альварес арасындағы екінші жекпе-жектің ұйымдастырушылары жарнама кампаниясын тоқтатса да, UFC президенті Дана Уайт бокс кешінің өтетінін мәлімдеді. 

«Головкин мен Альварес жекпе-жегі өтеді. Бәске тым көп ақша тігілді», - деді Уайт TMZ басылымына берген сұхбатында.

Бұдан бөлек, Америкадағы бірнеше БАҚ «5 мамырда Лас-Вегаста жоспарланған жекпе-жек билеттерін қайтаруға асықпаңыздар» деп жазып жатқанын айтады.

«Канело» екі рет оң нәтижесі допинг-сынама тапсырып, қанынан тыйым салынған кленбутерол препараты табылған соң 24 наурызда Невада штатының атлеттік комиссиясы оны жекпе-жекке қатысудан шеттетті. Сәуірдің 18-інде мексикалық боксшыға қатысты соңғы үкім белгілі болмақ.

Дереккөз: Рrosports.kz 

2 сәуір 2018, 11:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.