Атырау, 23 желтоқсан 10:21
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

​Талғарда мүгедек баланы қылғындырып өлтірген тәрбиешіге қатысты істің мән-жайы айтылды

2 966 рет қаралды


Талғар қаласында мүгедек балаларға арналған интернаттың тәрбиешісі 8 жастағы баланы қылғындырып өлтірді деген қылмысын мойындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Тергеу нұсқасы бойынша, ол баланы жөргекпен қылғындырып өлтірген. 

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, 21 наурызда 29 жастағы әйел түнгі ауысымға шыққан. Ол екі тәрбиешіні ұйықтата алмай қойған. Олардың бірі төсекте секіріп, ойнап, ұйықтамай қойған. Осы кезде тәрбиеші, тергеу нұсқасы бойынша, оны жөргекпен қылғындырған. Бала 17 наурызда сегіз жасқа толған. 

Тәрбиеші 24 наурызда ұсталған. Сол күні ол күдікті болып танылып, 21.20-да уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Қазіргі уақытта ол ЛА-155/18 қылмыстық атқару жүйесі мекемесінде. Мұның алдында оның екі айға қамауға алынғаны хабарланған болатын.

Соталды тергеу ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2, 3 және 14-бөліктері бойынша жүріп жатыр. 

Дереккөз: tengrinews.kz

30 наурыз 2018, 09:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.