Атырау, 19 мамыр 15:02
 бұлттыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Қазақстандық спортшылар допингпен ұсталды

2 422 просмотра


Ұлттық антидопингілік орталықтың сайты қанынан тыйым салынған препарат табылған спортшылар тізімін жариялады.

2018 жылы қазақстандық бірнеше спортшы допинг-сынамадан өте алмай қалған: 33 жастағы шаңғышы Ердос Ахмадиев (мельдоний), жүзуші Софья Емельянова (анабол стероиді), ауыр атлет Гүлназ Шәмиева пен биатлоншы Анна Кистанова (нәсіп айдағыш препарат).

Ахмадиев 2018 жылдан бастап төрт жылға жазаланды. Шәмиева пен Емельянова да осынша уақытқа спорттан шеттетілді. Кистанованың  2017 жылғы қыркүйектегі ҚР чемпионатынан кейін тапсырған допинг-сынамасы оң нәтиже көрсеткен. Ол екі жылға жаза алды – 2017 жылдың қазанынан 2019 жылдың қазанына дейін.

Айта кетейік, Ердос Ахмедиев 2014 жылғы Сочи Олимпиадасында қазақтың туын көтеріп шыққан болатын. Ал Анна Кистанова биатлоннан Қазақстан құрамасына енеді.

Дереккөз: prosports.kz

29 наурыз 2018, 17:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.