Атырау, 19 мамыр 16:33
 бұлттыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

​Қызылордадағы атыс: Күдіктілер қылмысын мойындады

2 312 просмотра


Қызылорда қаласы Әйтеке би көшесі бойында жәбірленушінің қайтыс болу дерегіне байланысты 3 күдікті ұсталып, уақытша ұстау абақтысына қамалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қызылорда облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ведомство мәліметінше, күдіктілер өз кінәларын мойындап жауап берді. ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 2, 3-бөліктері ("Бұзақылық") және 99-бабы 2-бөлігімен ("Aдам өлтіру") сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мұның алдында атыстан зардап шеккен жігіттің ауруханада қайтыс болғаны хабарланған еді.  

Еске салайық, 27 наурызда Қызылордада жергілікті уақытпен сағат 14.50 шамасында Әйтеке би көшесінде жастар арасында қақтығыс болған.

Нәтижесінде 1 адам дене жарақатымен облыстық медициналық орталыққа жеткізілді. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ОІІД бастығының орынбасары Нұрлан Анарбаев мәлімдеді.

Дереккөз: tengrinews.kz

29 наурыз 2018, 12:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.