Атырау, 23 желтоқсан 10:00
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Непалдағы ұшақ апаты құрбандарының өтемақысын қазақстандық сақтандыру компаниясы төлейді

2 678 рет қаралды


12 наурыз күні Непалда қонуға бет алған ұшақ апатқа ұшырап, 49 адам қайтыс болды. Ұшақ қонар кезде борт сынып, ұшақ екі айналым жасап, қону үшін солтүстік-шығыстан бұрылды. Ол сол маңдағы футбол алаңына құлап, өртеніп кетті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі bnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Сақтандыру компаниясы өтемақыны төлеу үшін құжаттар жиналып жатқанын айтты.

«Қайта сақтандырушылардың бірі – қазақстандық «Евразия» сақтандыру компаниясы. Бүгінгі таңда компания әуе кемесі мен жолаушылар алдындағы тасымалдаушының азаматтық құқықтық жауапкершілігі туралы қайта сақтандыру келісімшарты бар екенін растап отыр. Қазіргі уақытта резервтерді қалыптастыру үшін сақтандыру жағдайы туралы ақпарат пен құжаттар жинастырылып жатыр», - делінген сақтандыру компаниясының мәлімдемесінде.

Дереккөз: Baq.kz

28 наурыз 2018, 11:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.