Атырау, 23 желтоқсан 08:32
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Ұзынағашта қаныпезер бір отбасын ойрандап кетті

2 282 рет қаралды


Алматы облысының Ұзынағаш ауылындағы жеке үйде үш әйелді өлтіріп кетті, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға өңірлік полицияның баспасөз қызметі.   

Әйелдердің мәйіті 25 наурызда табылды. Олар бірнеше пышақ жарақатынан көз жұмған. Барлығы бір отбасының мүшесі болған: 88 жастағы кейуана, оның 51 жастағы қызы және 24 жастағы жиені.  

"Кісі өлтіру қылмысы болғанын растаймын. Қазіргі таңда күдікті ұсталып, уақытша ұстау абақтысына жабылды", — деп түсініктеме берді Алматы облысы ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Көбейхан Нұрахмет.

ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы (Кісі өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.   

Дереккөз: sputniknews.kz

28 наурыз 2018, 10:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.