
Атырау облысында Каспий теңізінде Қашаған ірі кен орнына жақын жерден 4 мұнай кен орнын игеру жоспарлануда, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
«North Caspian Operating Company N.V. консорциумы Қашаған кен орнын игеру мүмкіндіктерін бағалап жатыр. Компания операторы «КМОК компаниясы болып табылатын Қаламқас-теңіз және оған жақын орналасқан «Хазар» мұнай кен орнын әлеуетті бірлесіп игеру тұжырымдамасын таңдау бойынша зерттеуді аяқтауда. Жобаның тиімділігін қамтамасыз ету үшін шығындарды азайтудың бірнеше шешімдері анықталды. Біздің жобаның акционерлері Үкімет мақұлдағаннан кейін алдын ала инженерлік-техникалық жұмыстарды жалғастыруға ниетті. Сонымен қатар, Ақтоты және Қайраң кен орындарын игеру үшін синергия мүмкіндіктерін зерттеуді жалғастырамыз», - деп хабарлады North Caspian Operating Company N.V. (NCOC) консорциумының басқарушы директоры Бруно Жарден «ҚазАқпарат» тілшісіне берген эксклюзивті сұхбатында.
Б. Жарденнің айтуынша, консорциум Қашаған кен орнын игерудің болашақ кезеңдерін дамыту нұсқаларын бағалауды жалғастырмақ. Ол жерде қазіргі таңда тәулігіне 300 мың баррель мұнай өндіріліп жатыр.
Дереккөз: inform.kz
В Атырау -1