Атырау, 19 сәуір 23:35
 ашықВ Атырау +27
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

​Владимир Божко Шығыс Қазақстан облысындағы су басу оқиғаларына пікір білдірді

1 605 просмотра


ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары Владимир Божко Шығыс Қазақстан облысындағы тасқын сумен күрес жұмыстарына пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат

«Шаралар қабылданып жатыр. Түсінесіздер ме, Шығыс Қазақстан облысына бір айлық норма түскеннен кейін, әрине, батады. (...) Сіздер су буланып кетеді деп ойлайсыздар ма?! Жоқ, ол бір жаққа қарай ағуы тиіс. Және бұл қайталана береді (жыл сайын - авт), үміттенбеңіздер. Сіздер Айда тұратын сияқтысыздар», - деді ол Мәжілістегі Үкімет сағатынан кейін БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында. 

Сонымен қатар ол тілшілерге қолайсыз ауа райымен күреске бағытталған мемлекеттік шараларға да назар аударуға кеңес берді. 

«Қайта қаржыландыру жасалып, бөгеттер салынуда, жолдар бекітілуде, техникалар дамытылуда - осыларға неге көз жұма қарайсыздар?! Кеше ахуал қиындап кеткеннен кейін мотопомпаларды ұшақпен жекізді», - деді ол. 

Владимир Божко ауа райын алдын ала дөп басу қиын екендігін баса айтты. 

«Бұл табиғат қой. Соңғы 2 жылдың ішінде қанша бөгет жөнделгенін қараңыздар. Қызылағаш (2010 жылдың 11 наурызында бөгет бұзылып, 43 адам қаза тапқан еді) оқиғасы бізге жақсы сабақ болды. Сіздер қаласаңыздар да, қаламасаңыздар да су тасқыны болды - бола да береді, жаңбырлар бұған дейін де болды - бола да береді. Ескерту жүйесінің қалай тиімді жұмыс істей бастағанын қараңыздар. Проблемалар болды, бар, болады да. Мұның барлығын барынша төмендету үшін жекелеген азамат, аудан деңгейінде қандай шаралар қабылдау қажеттігіміз бұл басқа мәселе», - деді Мәжіліс төрағасының орынбасары.  

Дереккөз: inform.kz

26 наурыз 2018, 14:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.