Атырау, 29 наурыз 07:07
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 482.53
€ 555.44
₽ 5.92

​Қостанайдағы оқушы қыздың өлімі: Күдікті анықталды

2 810 рет қаралды


Қостанай қаласында өлтірілген 9-сынып оқушысына қатысты қылмыстық іс бойынша жаңа деректер жария етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат

«15 жасар қала тұрғынына қатысты іс бойынша ҚР ҚК 99-бабымен (Кісі өлтіру) сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті белгілі болды. Ол 44 жастағы Қостанай қаласының тұрғыны. Полицейлер  қылмыстық-процесуалдық кодекске сәйкес, оқиғаның мән-жайын анықтауда», - деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз хатшысы Ирина Беженарь. 

Сондай-ақ, облыстық ІІД оқушының өліміне қатысты істі өз бақылауына алды. Ведомствода мәлім етілгендей, оқушының жеке өміріне қатысты мәліметтерін тарату және бұқаралық ақпарат құралдарында пайдалану ҚР Қылмыстық кодексінің 147-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартуға әкеп соқтырады.

Дереккөз: inform.kz

20 наурыз 2018, 14:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.