Атырау, 22 желтоқсан 12:22
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Қазақстан қысқы Олимпиада ойындарына үміткер болудан бас тартты

2 567 рет қаралды


Қазақстанның Ұлттық Олимпиада комитеті 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарын өткізуге өтініш беру ойынан бас тартты, деп хабарлайды BNews.kz Insidethegames.biz сайтына сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиадалық комитетінің вице-президенті ретінде еліміз 2026 жылғы Олимпиада ойындарын өткізуге үміткер болмайтынын мәлімдеймін. Оның орнына келесі Ойындарды өткізу мүмкіндігін қарастырамыз", - деп мәлімдеді ҚР ҰОК вице-президенті Андрей Крюков.

Бұған дейін Алматы Олимпиада-2022 ойындарын өткізуге өтініш берген. Халықаралық Олимпиада комитеті мүшелері арасында дауыс беру қорытындысы бойынша Олимпиаданы өткізу құқығын төрт дауыс артық жинап, Пекин қаласы (Қытай) жеңіп алған.

Олимпиада-2026 ойындарын өткізуі мүмкін елдердің қатарында Калгари (Канада), Саппоро (Жапония) және Эрзурум (Түркия) қалалары бар.

Дереккөз: bnews.kz

20 наурыз 2018, 12:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.