Атырау, 19 мамыр 17:22
 бұлттыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Қостанайда көз жұмған оқушы қызды әкесі пышақтаған болуы мүмкін

1 780 просмотра


Қостанайда пышақталған 15 жасар қыздың әкесі пышақ жарақатымен ауруханада жатыр, оны полицейлер күзетіп отыр.  

Кеуде тұсынан пышақталған ер адам облыстық ауруханаға жеткізілген. Ол жан сақтау бөлімінен мамандандырылған ауруханаға ауыстырылды.  

"Болжамдардың бірі бойынша ер адам алдымен қызын өлтіріп, содан кейін өзінің кеудесіне пышақ салған. Алайда күдіктінің өзі полицияның бұл болжамын жоққа шығарды ", — деп жазды "Наша газета" порталы.

17 жастағы қыздың денесін оны кішкентайынан қамқорлығына алған туысы тауып алыпты. Әкесі қыздың анасын өлтіргені үшін сотталып, екі жыл бұрын рақымшылықпен бостандыққа шыққан екен.

Достарының айтуынша, ол сол күні кешке  әлеуметтік желілердің біріне үйінде жанжал ма, айғай шу ма, бірдеңе болып жатқанын жазған. 

Қостанай облысы ІІД жасөспірімнің өліміне қатысты ресми хабарлама әзірленіп жатқанын айтты.  

Дереккөз: sputniknews.kz

19 наурыз 2018, 16:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.