Атырау, 19 мамыр 17:40
 бұлттыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

​ОҚО-да 3 миллион теңгенің әжетханасын таныстырған әкім пара алғаны үшін сотталды

1 930 просмотра


3 миллион теңгенің әжетханасын таныстырған Оңтүстік Қазақстан облысы Жетісай қаласының әкімі Байдуалы Базарбаев пара алғаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Мақтаарал аудандық соты Базарбаевты 200 мың теңге пара алғаны үшін айыпты деп танып, оған 12 миллион теңге көлемінде айыппұл салды. 2018 жылдың қаңтар айында жергілікті балабақшадағы 125 балаға бюджеттен ақша бөлінген. Бірақ тексеріс барысында балабақшада тек 75 бала бар екені, қалған 50 бала жоқ екенін анықталған. 

Балабақша өкілдері 50 баланың жоқтығын тексерушілер олардың сол сәтте ауырып жатқандарымен түсіндірген. Ауыл әкімі өз кезегінде 125 баланың ақшасын аударататынын, бірақ ол қаражаттан 500 мың теңгенің қайтарылу керектігін айтады. Кейінірек бұл соманы 200 мың теңгеге азайтқан.

Еске сала кетейік, 2018 жылдың 3 наурызында Байдуалы Базарбаев 200 мың теңге көлемінде пара алғаны үшін ұсталған болатын. Қала басшысы 13 миллион 500 мың теңге тұратын үйін кепілге қойып, бостандыққа шыққан. 

Айта кетсек, 2017 жылдың қаңтарында Байдуалы Базарбаев Жетісайдағы заманауи қоғамдық әжетхананың ашылу салтанатына қатысқан еді. Нысан үш миллион теңгеден аса қаражатқа салынған. Сол кезде қолданушылар мұндай қымбаттылығына мән берген еді.

Дереккөз: tengrinews.kz

19 наурыз 2018, 15:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.