Атырау, 26 сәуір 15:13
 ашықВ Атырау +23
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Спорт жаңалықтары

2 601 просмотра

МИНИ-ФУТБОЛ

Облыстық футбол федерациясының бақылау-тәртіптік комиссиясы (БТК) «Чехов» командасы ойыншыларының бірінің тәртіптік ісін қарады.

Ақпан айында мини-футболдан Федерация Кубогының 1/8 финалы матчында «Чехов» пен «PSN Казстрой» командалары арасында жағымсыз оқиға орын алды: ресми нұсқа бойынша, «Чехов» ойыншысы Ербол Сүйіншәлиев матч арбитрі Александр Волковқа тіл тигізіп, кейін физикалық күш көрсеткен. Комиссия ойыншыны бір жыл мерзімге ойыннан шеттетіп, оған 10 мың теңге мөлшерінде айыппұл тағайындады.

Облыстық футбол федерациясының вице-президенті Эдуард ХИСМЕТУЛЛИН:

- Ол ұрған жоқ, төрешіні итеріп жіберді. Қалай болғанда да, матчтың ресми өкіліне олай жасауға болмайды. Біз ойындардағы тәртіпті қатаң бақылаймыз. Өткен жылдың желтоқсанынан бастап мини-футболдан Атырау чемпионаты басталғанда, 6 ойыншы ойыннан шеттетілді.

Ұлттық санаттағы төреші, БТК мүшесі Анатолий ХОДИН:

- Біз чемпионат регламентінде қатаң ережелерді мақұлдадық, барлық команда мүшелері онымен танысып, қол қойды. Сондықтан енді ренжімесін...

*** 

ДЗЮДО


Талдықорғанда жастар арасында ҚР чемпионаты өтті.

Тәжірибелі тәлімгер Е.Шынтасовтың ұлы - Серікболсын Шынтас жарыстардың күміс жүлдегері атанды.

***

ЖЕКПЕ-ЖЕК

Оралда ММА бойынша өткен ел чемпионатында облыс құрамасы командалық бірінші орынды иеленді.

Құрама қоржынында 5 алтын, 1 күміс және 3 қола алқа бар. Команда құрамында джиу-джитсу федерациясының шәкірттері жақсы өнер көрсетіп, толық жүлде жиынтығын иеленді: алтын - Талғат Жұмағалиев, күміс – Айтөре Есенғалиева, қола - Данияр Дәулетханов.

***

ШАХМАТ

Атырауда АтМжГИ ректорының Кубогы үшін VII облыстық турнир өтті.

Абсолюттік біріншілікте жүлделі орындарды (тиісінше, 1-3-орындар) Жәнібек Аманов, Нұрбек Хайрошев, Қайрат Тәжиев бөлісті. Ардагерлер арасында Ағаша Бөкенбай жеңімпаз атанды.

Дайындаған Мұрат Сұлтанғалиев

15 наурыз 2018, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.