Атырау, 19 қыркүйек 19:54
Түнде ашық+14, таңертең +18
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 369.36  € 431.30  P 5.45

Шағын несие беру бағдарламасын қаржыландыруға 62 млрд теңге бөлінді

13 наурыз 14:58


Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова Елбасының ауылды жерлер мен қалаларда шағын несие беруді көбейтуге бағытталған төртінші бастамасын іске асыру барысы туралы баяндады.

2018 жылы бекітілген бюджетте шағын несие беру бағдарламасына жалпы 42 млрд теңге, оның ішінде ауылдық жерлерге 31 млрд теңге және қалалар мен моноқалалар үшін 11 млрд теңге қарастырылған.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қаржыландыру 20 млрд теңгеге ұлғайтылып, 2018 жылы 62 млрд теңгені құрайды», — деді М. Әбілқасымова.

Шағын несие берудің сапалы әсерін қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ соңғы қарыз алушыға қаражат жеткізуді уақытылы жоспарлау мақсатында қосымша бөлінетін 20 млрд теңгеден ауылдар мен шағын қалалардағы несиелендіруге шамамен 14 млрд теңге бөлу ұсынылды. Осы соманың 10 млрд теңгесін ауыл шаруашылығының ірі қайта өңдеу кәсіпорындары маңындағы «зәкірлік» кооперация жобаларын іске асыруға бағыттау ұсынылады. Қалған 6 млрд теңге қалалар мен моноқалалардағы несиелендіруге жұмсалады.

Сондай-ақ, министр халықты шағын несиемен көбірек қамту мақсатында, қала мен ауыл үшін несие берудің лимиттерін қайта қарауды және шағын несиелерді соңғы тұтынушыға жеткізу тетіктерін пысықтауды ұсынды.

«Жеңілдікті шағын несиелер 5 жылға дейінгі мерзімге, ал мал шаруашылығы саласы мен ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру жобаларына – 7 жылға дейін, жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі жылына 6 пайыздан аспайтындай етіп беріледі. Кепілдік жеткіліксіз болған жағдайда, бағдарлама қатысушылары несиелік міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету түрінде кепілдік алуға құқылы. Жалпы, ұсынылған тетіктерді жүзеге асыру үшін бағдарламаға, сондай-ақ қалалар мен ауылдық жерлерде шағын несие беру ережелеріне өзгерістер енгізіледі», — деп түйіндеді М. Әбілқасымова.

Дереккөз: 7kun.kz

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
 

554 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Тақырып бойынша жаңалықтар

Бюджет қайта бөлінді  1574 рет қаралды

Облыстық мәслихат 2017 жылдың бюджетін нақтылады  2023 рет қаралды

Бюджет ағымдары  481 рет қаралды

Әкіммен кездесу  2654 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5