Атырау, 23 қыркүйек 18:48
Түнде ашық+14, таңертең +22
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 359.00  € 420.10  P 5.41

​ҚДТ-ны қолпаштаған кез келген пікір экстремистік ұйымды қолдау болып саналады - Бас прокуратура

13 наурыз 11:42


Жыл басынан бері «Қазақстанның демократиялық таңдауы» белсенділеріне қатысты еліміздің бес облысында қылмыстық іс қозғалған, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. 

«ҚР Қылмыстық кодексінде экстремистік әрекет үшін қарастырылған баптар туралы айта кеткім келеді. Бұл - Қылмыстық кодекстің 182, 405 және 258-баптары. Аталған баптардың барлығы да ауыр және аса ауыр қылмыстарға жатады. 405-бап ­­сотпен тыйым салынғаннан кейін экстремистік ұйым құру мен оған қатысу; 258-бап экстремистік ұйымды қаржыландырғаны үшін жазаны қарастырады. 182-бабы бойынша экстремистік топты құру, оған жетекшілік ету, қатысуға қатысты жаза белгіленген. Қылмыстық жауапкершілік бойынша 2-17 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Бұл жерде айта кетерлігі, қатысушылар тыйым салынған ұйымның ісіне қатысып қоймай, өзге де әрекетті жүзеге асырғаны, мәселен көлікпен қамтамасыз ету, жарияланымдарды тарату, посттар мен пікірлер жазғаны үшін де жазаланады», - деді Астанада өткен жиында ҚР Бас прокуратурасының қылмыстық қудалау қызметінің бастығы Ерлан Абаев. 

Оның айтуынша, ҚДТ-ның белсенділеріне қатысты қылмыстық іс қозғалып қойған. 

«Жыл басынан бері республикамыздың бес облысында «Қазақстанның демократиялық таңдауының» белсенділеріне қатысты экстремистік әрекет факттері бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотпен экстремистік ұйым деп танылған «Қазақстанның демократиялық таңдауы» идеясын қолдауға бағытталған кез келген пікір (комменттарий) немесе сөз ол экстремистік ұйымды қолдау болып саналады. Осыны ескеру керек», - деді Ерлан Абаев. 

Еске сала кетсек, бүгін Бас прокуратураның өкілдері ОКҚ-да Мұхтар Әбілязовқа қатысты мәлімдеме жасаған болатын.

Дереккөз: inform.kz

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
 

513 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Тақырып бойынша жаңалықтар

Михаил Саакашвилидің үстінен қылмыстық іс қозғалды  911 рет қаралды

Мәскеуде Рысқалиевтің ҰҚТ мүшесі Павличенко ұсталды  1703 рет қаралды

Қазақстанның қаржы полициясы Әбілязоқа қатысты тағы бірнеше іс қозғады  1061 рет қаралды

​Абай ауылында зорланған баланың оқиғасы: Үш күдіктіге қатысты қозғалған іс тоқтатылды  220 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5 6