Атырау, 19 мамыр 20:12
 ашықВ Атырау +12
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Ресейлік кәсіпкер БТА Банкке 55 миллион доллар төлеуге міндеттелді

2 079 просмотра


Лондондағы халықаралық төрелік сот MosCityGroupтің меншік иесі Павел Фукске БТА Банкке 55 млн доллар төлеуді міндеттеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі lsm.kz сайтына сілтеме жасап.

Компания қарызы «Москва-Сити» бизнес орталығындағы «Евразия» мұнарасын салу жобасының 50%-ын сатып алуымен байланысты.

Банк мәліметі бойынша, құрылыс жұмыстары басталар кезде жерге ие болу құқығы Blackdesert Holdings Ltd-тен сатып алынған болатын.

Ол кезде меншік иесі БТА Банк (Мұхтар Әблязовтың меншігі болатын) пен MCG құрамына кіретін Handcart болатын. 2009 жылы Handcart өзінің бір бөлігін 50 млн долларға сатты. MCG 20 млн доллар аударып, қалған бөлігін төлеуден бас тартқан. 2014 жылы БТА Банктің 98%-ын Қазкоммерцбанк акционері Кенес Рақышев сатып алған. Ол жеңіп алынған қаражаттан бөлек, сот шығындарын MCG есебінен өтеуді жоспарлап отыр.

Оның айтуынша, сот ісі 4,2 миллион фунт стерлингке бағаланған.

Дереккөз: Baq.kz

13 наурыз 2018, 10:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.