Атырау, 15 қаңтар 02:58
 қар жаууы ықтималВ Атырау -6
$ 510.43
€ 594.86
₽ 6.49

​«Нұрлы жер» бағдарламасына өзгерістер енгізіледі

2 208 рет қаралды


ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасына өзгерістердің енгізілетінін мәдімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Министрдің айтуынша, «7-20-25» бағдарламасын іске асыруға байланысты тұрғын үй жинақ жүйесіне өзгеріс енгізуге тура келеді. «Ұлттық банк әзірлеген меxанизмдерді есепке ала отырып, сәуір айында «Нұрлы жер» бағдарламасына өзгерістерді енгіземіз. 

Аталған өзгерістер «7-20-25» бағдарламасының нормаларын тиімді іске асыруға ықпал ететін болады. Атап айтқанда, тұрғын үй құрылысының көлемін ұлғайту нормалары мен Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің заемдарын беру талаптары қайта қаралады», - деді Ж.Қасымбек Үкіметтің бүгінгі отырысында. 

Бұдан бөлек, құрылыс алаңдарына инженерлік-коммуникациялық желілерді тартуға жыл сайын бөлінетін қаржыны 80 млрд теңгеден 100 млрд теңгеге дейін арттыру жоспарланған. 

Айта кетейік, отырыста Ұлттық банктің төрағасы Данияр Ақышев «7-20-25» бағдарламасының жобасын таныстырды. Бас банкир 7 проценттік ипотеканың басты талабын да жариялады.  

Дереккөз: inform.kz

13 наурыз 2018, 10:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.