Атырау, 5 мамыр 18:35
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +9
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

​Қыз балаға пышақ салған қазақстандық Ресейде іздестірілуде

Бейнежазба
2 498 просмотра

Ресейдің Санкт-Петербург қаласының орталығында қыз балаға пышақ салып кеткен Қазақстан тұрғынына іздеу жарияланды, деп хабарлайды Ресейдің Тергеу комитеті.

«Қылмыстық іс материалдары бойынша, 2018 жылдың 8 наурызы күні Восстания көшесіндегі №1 үйдің жанында 21 жастағы ер азамат кенеттен болған жанжал барысында өлтіру мақсатымен 1999 жылы туған танысының мойын тұсына пышақ ұрып, артынан бой тасалаған. Зардап шеккен қызға тиісті деңгей медициналық көмек көрсетіліп жатқанымен оның жағдайы ауыр және ол ес-түссіз жатыр. Ресей ІІМ-нің Санкт-Петербург қалалық және Ленинград облыстық бас басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп жүргізілген шаралардың нәтижесінде аталған қылмысты 1996 жылдың 2 желтоқсанында туған Қазақстан азаматы Махметов Александр Юрьевичтің жасағаны анықталды»,-делінген РФ Тергеу комитетінің хабарламасында. 

Аталған факті негізінде «кісі өлтіруге оқталу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда ер азаматқа федералды іздеу жарияланды оны қамауға алу жөнінде шара қолдану мәселесі шешілу үстінде.



Дереккөз: inform.kz

13 наурыз 2018, 09:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.