Атырау, 23 желтоқсан 05:28
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

​Қарағанды облысындағы «Костенко» шахтасында шыққан өрт өшкен жоқ

1 765 рет қаралды


Қарағанды облысындағы «Костенко» шахтасында шыққан өртті құтқарушылар әлі өшіре алмай, әлекке түсіп жатыр. Жер астындағы көмір жанып жатқалы бүгін – үшінші күн. 

Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ. Кеніштегі жұмыс уақытша тоқтап тұр. 

Ал жұмыскерлер өзге шахтаға ауыстырылған. Алдын ала болжам бойынша көмір өздігінен тұтанса керек. Бірақ нақты нәтижесі зерттеу жұмыстарынан соң мәлім болады. 

Мамандар өрт шыққан аймақты бұрғылап, қосымша ақпарат жинамақ. 

«Алайда тілсіз жауды ауыздықтау үшін кемінде бір ай уақыт керек», – дейді «Көмір» апаттық құтқару қызметінің басшысы Геннадий Силинский.

Дереккөз: 24.kz

12 наурыз 2018, 16:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.