Атырау, 7 мамыр 20:55
 жаңбыр жаууы ықтималВ Атырау +12
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

​Ақмола облысында кафеде берілген астан 60-қа жуық адам уланды

1 917 просмотра


Ақмола облысы Шортанды ауылында кафеде берілген астан кейін 58 адам тамақтан уланып қалған. 15 адам ішектің өткір инфекциясымен ауруханаға жатқызылды, ал 43 адам амбулаторлық ем алып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Бұл дерекке қатысты Ақмола облысының қоғамдық денсаулықты қорғау департаменті эпидемиологиялық тергеу жүргізді. 

"Уланып қалғандар 6 наурызда Шортанды ауылында асылған ет жегені анықталды. 5 санитарлық талаптар бұзылып, етті асып, турап, 10 сағат жылы жерде сақтаған. Етке жайылған қамыр Егемен ауылындағы үйде жасалған. Содан кейін Шортанды ауылындағы қоғамдық тамақтану орнына жеткізілген", - дейді департамент өкілдері.  

Ведомство өкілдері барлық уланған адамға медициналық жәрдем көрсетіліп, бақылауға алынғанын, адамдардың жағдайы жақсарып келе жатқанын мәлімдеді.

Департамент өкілдерінің сөзінше, эпидемияға қарсы және алдын ала шаралары жүргізілді. 

Дереккөз: tengrinews.kz 

12 наурыз 2018, 14:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.