Атырау, 8 мамыр 03:34
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Қарағандыдағы көмір шахтасынан шыққан өрттің алдын ала себебі айтылды

1 855 просмотра


Жағдай бақылауда және үнемі қадағаланады. Апат орнынан алынған сынамалардың нәтижесі жарылу қаупі жоқ екендігін анықтады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазіргі уақытта от тұтану көзін оқшаулау жұмыстары жалғасуда. Компанияның тиісті қызметтері мен Қарағанды кәсіби-әскери құтқару қызметі филиалының қызметкерлері төтенше жағдайда қауіпсіз жұмыс жүргізу бойынша уақтылы шаралар қабылдады. Одан әрі мониторинг пен жағдайды талдау негізінде одан әрі іс-қимылдар туралы шешім қабылданады. Өрт шығудың алдын ала себебі – табиғи құбылыс. Өрт сөндіру ошақтарын жою бойынша барлық жұмыстар қауіпсіз жұмыс режимінде және жұмысқа тартылған адамдардың өміріне қауіп төндірмей жүргізіледі», - делінген баспасөз мәліметінде.

Облыс әкімі Ерлан Қошановтың тапсырмасы бойынша, шахта қызметкерлерін жұмысқа орналастыру мәселесі бақылауға алынды. Шахта қызметкерлерінің кейбірі уақытша басқа кеніштерге жіберілетін болады, ал қалған қызметкерлер Қарағанды кәсіби-әскери құтқару филиалының қызметкерлерімен бірлесіп апаттық жағдайды жоюға және шахта жұмысын ретке келтіруге көмектесетін болады.

Дереккөз: Baq.kz

12 наурыз 2018, 11:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.