Атырау, 23 желтоқсан 08:32
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Дариға Назарбаева: Құдайға шүкір, орыс тілін әлі ешкім алып тастаған жоқ

2 054 рет қаралды


Сенатор Дариға Назарбаева сенат отырысында депутаттық сауалын неге орыс тілінде жолдағанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев бұдан былай парламент пен үкіметтің жұмысы қазақ тілінде жүргізілуі керектігін тапсырған болатын. Алайда бүгін сенат отырысында депутат Дариға Назарбаева депутаттық сауалын ресми тілде жолдады. Журналистер де мұның себебін сұраған еді.

"Орыс тілін ешкім алып тастаған жоқ. Мен өзіме ыңғайлы тілде сөйледім. Президенттің тапсырмасын бәріміз де орындауға тырысамыз. Орыс тілді ешкім әлі жойған жоқ. Құдайға шүкір, ондай болмайтын да шығар. Бірақ біз басқа да азаматтарды сыйлауымыз керек. Сондықтан бұл мәселеде шектен шығуға болмайды. Ұлтаралық келісім мен достыққа ешкім шектеу қойған жоқ. Ел аумағындағы және мемлекеттік органдардағы тілдер Конституциямен бекітілген", — деді Назарбаева.

Дереккөз: sputniknews.kz

1 наурыз 2018, 11:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.