Атырау, 3 маусым 05:06
 дождьВ Атырау +12.9
$ 493.15
€ 574.17
₽ 6.77

Қызылордада бес қабатты тұрғын үйдің қабырғасы құлады

Сурет
2 301 рет қаралды

Қызылордада бес қабатты жатақхананың адам тұрмайтын подъезді қирады, деп хабарлайды Қазақстанның ІІМ Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеті.

Оқиға 28 ақпанда сағат 23:00 кезінде Титов ауылында болған.

"Адам тұрмайтын төртінші подъезд қираған. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Үй тұрғындары – 63 адам, олардың 17-сі балалар мектеп ғимаратына орналастырылды", — делінген хабарламада.

Комитеттің мәліметінше, үй төрт подъезден тұрады, біріншісі мен екіншісінде ешкім тұрмайды екен.

Жатақхана ғимараты 1971 жылы салынған.

Оқиға орнында штаб құрылып, үйіндіні тазартып жатыр.

Дереккөз: sputniknews.kz

1 наурыз 2018, 10:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.