Атырау, 23 желтоқсан 08:32
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

​Тергеуге келмеген Храпуновтарды 20 наурызға дейін келуге міндеттеді

1 682 рет қаралды


Дүйсенбі күні тергеуге келмеген Алматының бұрынғы әкімі Виктор Храпунов, оның жұбайы Лейла Храпунова және олардың туысы Айяр Ильясовты 20 наурызға дейін келуге міндеттелді, деп  хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Агенттікте хабарлағандай, бұдан бұрын Виктор және Лейла Храпуновтар және олардың туысы Айяр Ильясов 26 ақпанда Астанаға тергеуге шақырылған еді, алайда олар белгіленген уақытта келмеген және келуге кедергі келтірген себептері туралы да ескертпеген. 

«Үкімді жариялауға қатысу үшін және қажетті тергеу әрекеттерін жүргізу үшін күдіктілер В.В. Храпунов, Л.К. Храпунова мен А.К. Ильясов 2018 жылдың 20 наурызына дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының әкімшілік ғимаратына келуі тиіс», - делінген хабарламада.

Еске салайық, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Виктор және Лейла Храпуновтарға, олардың туысы Айяр Ильясовқа қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр. Қазіргі таңда тергеу барысында жиналған дәлелдемелер күдікті В.В. Храпуновтың әрекеттері 1996 жылғы ҚР ҚК 235-бабы (бір немесе бірнеше қылмыс жасағаны үшін ұйымдасқан топ құру және оны басқару, сондай-ақ оған қатысу), 176-бабы (сеніп тапсырылған мүлікті заңсыз иелену және ұрлау), 177-бабы (алаяқтық жасау), 193-бабы (заңсыз жолмен алынған ақшаны және өзге мүлікті заңдастыру), 307-бабы (лауазымдық өкілдігін асыра пайдалану), 311-бабы (пара алу) бойынша аса ауыр қылмыстар жасағанын анықтауға мүмкіндік берді. Л.К.Храпунованың құқыққа қайшы әрекеттері 235-бабы (бір немесе бірнеше қылмыс жасағаны үшін ұйымдасқан топ құру және оны басқару, сондай-ақ оған қатысу), 177-бабы (алаяқтық жасау) және 193-бабына (заңсыз жолмен алынған ақшаны және өзге мүлікті заңдастыру) сәйкес келсе, ал А.К.Ілиясов 177-бабы (алаяқтық жасау)  бойынша айыпталуда. 

«Күдікті В.В.Храпунов, Л.К.Храпунова және А.К.Ілиясовтың ҚР аумағынан тыс жерде тұруына және қатысудан жалтаруға байланысты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі заңға сәйкес, прокурормен келісе отырып БАҚ-та олардың әрекеттерін саралау туралы хабарлама жариялайды», - деп түсіндіріледі ведомствоның хабарламасында. 

Дереккөз: inform.kz

27 ақпан 2018, 17:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.