Атырау, 7 мамыр 04:48
 ашықВ Атырау +20
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Қашқын да, тергеу изоляторының қызметкерлері де қылмыстық жауапқа тартылады – Қасымов

1 750 просмотра


Астанадағы тергеу изоляторынан қашқан 36 жастағы қарағандылықтың ісі туралы Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов пікір білдірді. Оның айтуынша, қашқын ғана емес, өз ісіне немқұрайлы қараған қызметкерлер де қылмыстық жауапкершілікке тартылады, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Оның қалай қашқаны туралы тергеу кезінде хабарлаймыз. Жексенбі күні 12.05-те қашқан қылмыскерді түнде 21.50-де ұстадық. Қылмыстық іс қозғадық. Қашқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Сонымен бірге өз ісіне салғырт қараған қызметкерлерге қатысты қылмыстық іс қозғадық», - деді министр Үкімет отырысынан кейінгі кулуарда.

«Тергеу изоляторы (қауіпсіздік талаптарына – авт.) сай келмейді. Сол себепті жаңа ғимарат салуымыз керек. Қызметкерлердің немқұрайлылығына қатысты да мәселе бар», - деді ол.

Еске сала кетсек, сотталған азамат 25 ақпан күні түскі уақытта Астана қаласындағы тергеу изоляторының серуендеу ауласында жүрген жерінен қашып кеткенін хабарлаған болатынбыз.

Дереккөз: Baq.kz

27 ақпан 2018, 14:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.