Атырау, 6 мамыр 16:31
 ашықВ Атырау +14
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

2020 жылы Қазақстанда нөлінші сынып енгізілуі мүмкін

2 259 просмотра


Қарағандыда аймақтағы ғылым және білім қоғамдастығы Елбасы жолдауын түсіндіру жұмысы аясында Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевпен кездесті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Білім және ғылым министрі Мемлекет басшысының Жолдауында білім бойынша қойылған міндеттеріне тоқталып өтті.

«Біз нөлінші сыныпты 2019 жылы емес, 2020 жылы енгізуді жоспарлап отырмыз. Нөлінші сынып – мектепке дейінгі дайындықтың қазіргі кездегі жүйесі. Оның басты мақсаты – мектепке дейінгі дайындық сыныбындағы оқушыларға бірыңғай бағдарлама құру. Дайындықты балабақшада да, мектепте де өтуге болады», - деді Ерлан Сағадиев.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта қазақстандық балалардың 80 пайызы мектепке дейінгі дайындықпен қамтылған. Министрліктің басты міндеті – бұл көрсеткішті 100 пайызға жеткізу. Бірінші сыныпқа баратын балалардың дайындығы бірдей деңгейде болуы маңызды.

Дереккөз: Baq.kz

26 ақпан 2018, 15:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.