Атырау, 7 мамыр 07:22
 ашықВ Атырау +20
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Қарағандылық тіс емханасындағы екі жасар баланың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды

2 268 просмотра


Қарағанды облысының Денсаулық сақтау департаменті қалалық стоматологиялық клиникалардың бірінде ішкі анестезиядан кейін екі жасар баланың қайтыс болуына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Қарағанды облысының Денсаулық сақтау департаментіне «MEDCI» ЖШС-дан Ресей азаматы Семен Арзамасцевтің өлімі туралы хабар келген. Бала «Tiny Dent» стоматологиялық клиникасында интенсивті анестезия алғаннан кейін облыстық медицина орталығының реанимация бөлімінде қайтыс болған.

Сондай-ақ, Қарағанды облыстық прокуратурасының келісімімен қалалық ІІД осы оқиғаға байланысты стоматологиялық клиникаға жоспардан тыс тексеру жүргізеді.

Департамент клиникалық фармакология, анестезиология, реанимация, патоморфология, сот-медициналық сараптама, педиатриялық стоматология, сонымен қатар Фармацевтика департаментінің қызметкерлерін тарта отырып, комиссия құрды.

«Құжаттар құқықтық статистика органдарына және Бас прокуратураның арнаулы органдарына жоспардан тыс аудит жүргізу үшін тапсырылып, тексеріс заңмен белгіленген мерзімде жүргізіледі», - деп түсіндірді ведомство қызметкерлері.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 317-бабының 3-тармағы бойынша (медицина немесе фармацевтика қызметкерінің кәсіби міндеттерін орындамауы немесе тиісінше орындамауы) қылмыстық іс қозғалды.

Дереккөз: Baq.kz

26 ақпан 2018, 13:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.