Атырау, 23 желтоқсан 01:54
 ашықВ Атырау -2
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Өз учаскеңе тіркел

3 772 просмотра

Елімізде 2010 жылы енгізілген Денсаулық Сақтаудың Бірыңғай Ұлттық Жүйесі негізінде әр азаматқа кепілдендірілген тегін медициналық қызмет көлемін көрсетудің бірнеше жолдары іске қосылды. 2010 жылы әр науқас өз қалауы бойынша ауруханалық (стационарлық) ем алатын мекемені таңдап,электронды ауруханалық бюро –порталы арқылы ешқандай кезексіз, кедергісіз кепілдендірілген ауруханалық ем алуға қол жеткізілді.

Ал биылғы 2011 жылы әр азамат өз таңдауы бойынша қалаған бастапқы медициналық санитарлық көмек көрсететін мекемеге (емхана,дәрігерлік амбулатория,т.б.) бекітіліп,кепілдендірілген тегін амбулаториялық көмекті ала алады. Осы орайда әр тұрғынды аймақтық БМСК ұйымдарына тіркеу жұмысы бүгінгі күні басталып та кетті.Участкелік (аймақтық) медицина қызметкерлері өз участкелеріндегі тұрғындарды нақтылап бекітіп, жаңадан енгізіліп жатқан бірыңғай орталықтандырылған ақпараттық базаға – республикалық электронды жүйе – тіркелген халықтың регистріне енгізуге әзірлеуде.

Бұл жерде айта кететін жай – тұрғындар өздерінің тұрғылықты мекен –жайлары бойынша аймақтық емханадағы өзі қалаған дәрігеріне бекітілуіне, не болмаса, басқа қалаған емханаға бекітілуіне құқы бар. Өздері қалаған емханаға тіркелуі үшін бұрынғы тіркелген жеріндегі емханадан шығу талонын толтырып, жеке куәлігі, медициналық құжаттарын алып барып тіркелуі қажет. Осылайша белгілі бір емдеу мекемесіне тіркелген тұрғынның Қазақстан Республикасы территориясында тұратынын және  белгілі бір БМСК емханасына бекітілгенін куәландыратын электронды картасы жасақталады. Сөйтіп, тұрғындардың республика бойынша электронды жүйесі - Регистры қалыптастырылады. Бұл тұрғындардың республика аймағында кез келген жерде ауырып ,не болмаса, басқа медициналық амбулаториялық көмек қажет болған жағдайында кідіріссіз  кепілдендірілген тегін медициналық көмек алуына жол ашады , көрсетілген медициналық көмекке кеткен қаражат бекітілген медицина ұйымы бюджетінен электронды жүйе арқылы төленеді.

ҚР азаматтарының ЖСН /ИИН - жеке идентификациялық нөмірі арқылы тіркеуден/бекітілуден өтуі –емханалық, ауруханалық,клиникалық жағдайда медициналық көмек түрлерін  тек қана бекітілген  аймақтық  медициналық мекеме жолдамасымен іске асырылуын  қамтамасыз етеді  және бұл байланыстар тез кідіріссіз жүргізіледі,себебі  бекітілген тұрғындар қажетті қаражат көзімен де қамтамасыз етіледі.

Барлық тұрғындардан  ақпанның 15-ші жұлдызына дейін өз қалауларымен аймақтық БМСК мекемесіне тіркелуі сұралады. Бұндай тіркелу / қалауы бойынша/ жылына 1 рет жүргізіледі, басқа елді мекенге ауысып,не тұрғын жайы өзгеретін болған жағдайда  бұрынғы бекітілген мекемеден шығу талоны  түбіртегі мен медициналық құжаттарды алып  барған жердегі емханаға тіркеледі.Жаңа жерде тіркеуден шығу талоны түбіртегінсіз медициналық көмектің кепілдендірілген түрін алу,жаңа мекемеге тіркелу қиынға түседі.

Денсаулық саласында енгізілген  жаңалықтар  Еліміздің алдыңғы қатарлы дамыған елдер қатарына енуге жасалынып жатқан және азаматтардың денсаулығын сақтауда жеке бас жауапкершілігін арттыратын бірден бір қажетті мәселелер мен оң өзгерістер деп ойлаймын.

№5 қалалық емхана бас дәрігері  К.Жұмағалиева

27 қаңтар 2011, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.