Атырау, 3 маусым 03:20
 дождьВ Атырау +12.9
$ 493.15
€ 574.17
₽ 6.77

Қазақстан жалпы есепте 26-орында келеді

1 459 рет қаралды


Пхенчханда өтіп жатқан қысқы олимпиадада 22 ақпан күнгі жарыстарты қоса есептегеннен кейінгі жалпы командалық есепте 13 алтын, 11 күміс, 9 қола медальмен Норвегия бірінші орында келеді.

Ал 12 алтын, 7 күміс, 5 қола медалі бар Германия екінші, 9 алтын, 5 күміс, 7 қола жүлдемен Канада үшінші орында тұр. АҚШ (7-6-6) пен Голландия (6-6-4) - үздік бестікте.

 Олимпиаданы ұйымдастырып жатқан Оңтүстік Корея спортшылары 4 алтын, 3 күміс 2 қоламен жалпы есепте 9-орында келеді. Қытай (5 күміс, 2 қола) мен Ресей олимпиадалық атлеттерінде (4 күміс, 9 қола) әзірге алтын медаль жоқ. Қазақстан, Латвия, Лихтенштейн бір қоламен 26-орынды бөлісіп тұр. Олимпиада 25 ақпанда аяқталады.

 Дерерккөз: azattyq.org

22 ақпан 2018, 10:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.