Атырау, 21 қазан 22:39
Таңертең ашық+14, күндіз +18
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 364.35  € 419.95  P 5.56

Астрахан трассасы Астана арқылы өтеді

21 ақпан 14:33


ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Мереке ПІШЕМБАЕВ Атырауға іссапармен келді. «АЖ» тілшісі оған өңіріміздің тұрғындарын көптен толғандырып жүрген  Атырау-Астрахан тас жолын қайта жаңғырту жұмыстарына қатысты бірнеше сұрақ қойды.  

- Атырау-Астрахан бөлігі бойынша жұмыстар қандай деңгейде?

Қазіргі таңда ҚР қаржы министрлігі мен Ислам даму банкі арасында займ ұсыну шартына қол қою рәсімдері жүргізіліп жатыр. Наурыз айында ол парламент қарауына беріліеді. Маусым айында мердігермен келісімшартқа қол қойып, шілде айында жұмыс басталады деп жоспарлап отырмыз.

- Бұрын жұмыстардың басталу уақыты басқаша айтылған еді. Қандай қиындықтар бар?

- Ислам Даму банкі мен Қаржы министрлігі арасында  займды ұсыну талаптары бойынша келісімге келу рәсімі ұзап кетті. Заңға қол қоятын, қаржыны пысықтайтын біздің комитет пен министрлік емес, қаржы министрлігі. Қандай қиындықтар бар екенін қазір нақты айта алмаймын. Тек қабылданатын әрекеттер тәртібін айта аламын. Парламент мақұлдағаннан кейін Елбасының алдына барады, ол жарлық шығарып, қол қойып бекіткен соң, біздің Даму министрлігіне жолдайды. Өз кезегімізде біз конкурс арқылы мердігерді анықтап, жұмысты бастаймыз. Біз жұмыстарды әзірлеуге жауаптымыз, оған дейінгі жұмыстың бәріне қаржы министрлігі жауапты.

- Ислам даму банкінің займды ұсыну пайыздары қанша?

- Көп емес, 1,75 пайыз шамасында.


Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА 

Суретті түсірген Марат ТАКУЛИН

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
 

2972 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Басты бет

1 2 3 4 5 6