Атырау, 22 шілде 19:03
 дождьВ Атырау +34.5
$ 469.59
€ 536.22
₽ 5.96

​Алматылық дәрігерлер бесінші қабаттан құлаған төрт жастағы баланы аман алып қалды

107 рет қаралды

Алматы қалалық Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығының дәрігерлері тұрғын үй кешенінің бесінші қабатынан құлап, ауыр жарақат алған төрт жасар балаға күрделі нейрохирургиялық ота жасады. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

Ауруханаға өте ауыр жағдайда түскен балаға тексеру жүргізіліп, жұлынға қысым түсірген бірінші бел омыртқасының ығысқан компрессиялық сынуы анықталған. Дәрігерлер емдеуді екі кезеңде жүргізді: алдымен омыртқа өзегіндегі қысымды азайтып, кейін бел омыртқасын арнайы жүйе арқылы тұрақтандырды.

Күрделі отаны нейрохирургия бөлімінің меңгерушісі Айдын Нүсіпқожаевтың жетекшілігімен нейрохирургтер Мұхтар Ибрагимов пен Алтай Анарбай жасады. Мамандардың дер кезінде көрсеткен көмегінің арқасында баланың қозғалу және сезіну қабілеті толық сақталып қалды.

Дәрігерлердің айтуынша, оңалту курсынан өткен соң бала өздігінен жүре алады. Қазір оның жағдайы едәуір жақсарған, алдағы уақытта үйіне шығарылып, амбулаториялық бақылауда болады.

Бүгін, 18:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.